Тоқаев Назарбаевтың құпия келісімдерін қопаруда

Ertenmedia.kz сайтының хабарлауынша, Назарбаев дәуірінде ел мүддесін ескермей жасалған құпия келісім-шарттардың былығы енді ашылып жатыр,-деп хабарлайды JurtMedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы.

Тоқаев билігі Қашаған кен орнынан алынған табыстың 98 пайызы шетелдік мұнай алыптарының қалтасына кетіп жатқанына наразы.

Бұл туралы ICIJ (Халықаралық зерттеу журналистикасы консорциумы) таратқан құпия құжаттарда жазылған.

Ең сұмдығы, Қашағанға қатысты 1997 жылы қол қойылған өнімді бөлісу туралы келісім жасалған.

Дәл сол жылы Қазақстан Shell, ExxonMobil, Eni, Total Energies, CNPC, Inpex халықаралық мұнай гиганттарымен сөз байласқан. Жобаға сол уақыттан бері 60-86 миллиард доллар аралығында инвестиция салынған.

Қиыны, мемлекет 2016–2023 жылдар аралығында бар болғаны $1,1 млрд қана таза кіріс алған. Мұнай сатудан, салықтар мен роялтиді қосқанда жалпы кіріс – $5,4 млрд. Бұл кезде NCOC консорциумы $55 млрд табыс тапқан.