Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бауыры Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалды тағы бір қылмыстық іс бойынша күдікті деп танылды,- деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы, КазТАГ агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеген.
Агенттік «Восточка» көпсалалы тұрғын үй кешенін салу кезінде заңсыз әрекеттер жасау фактісі бойынша Г.К.Сатыбалдыға және басқа да тұлғаларға қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр, — делінген дереккөз таратқан ақпаратта.
Айта кетейік Гүлмира Сатыбалды 2024 жылы 29 тамызда адамдарды заңсыз бас бостандығынан айыру, көп көлемде ақша жымқыру және басқа да бірнеше қылмыстары үшін 12 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Ол қазіргі уақытта жазасын Қылмыстық атқару жүйесі комитетіне қарасты қауіпсіздігі орташа мекемелердің бірінде өтеп жатыр.