Жағымсыз ақпаратты жариялаймын: Мұғалімнен ақша бопсалаған блогер ұсталды

Ол Шымкент қаласындағы мектептердің бірінің мұғалімінен көлемді қаржы бопсаламақ болған,- деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы.
  
 Ол мұғалімге қатысты жағымсыз ақпаратты жариялап жіберемін деп қорқытқан. Бұл туралы үшінші мегаполистің Полиция департаменті мәлімдеді. 
Қаладағы мектептердің бірінің өкілінің арызы бойынша полиция департаментінің қызметкерлерімен ірі көлемде ақша бопсалаған күдікті азамат С. ұсталды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдікті өзінің медиа танымалдылығын пайдаланып, жағымсыз ақпаратты жариялаймын деп қорқытып, 1,2 миллион теңге талап еткен. Аталған дәйек  бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажетті тергеу амалдары жүргізілуде, — делінген жергілікті полиция таратқан ақпаратта. 
Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
 Сонымен қатар полиция қандай да бір қысым көрсету, қорқыту және бопсалау әрекеттері қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатыны ескертті.  Азаматтарды мұндай жағдайда бірден құқық қорғау органдарына жүгінуге шақырды.
Фото: ашық дереккөзден