Күштік құрылымдар Мәскеудегі моншада рейд жүргізіп, Қырғызстан азаматтарын ұстады. Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігі Ресей елшісінен түсініктеме талап етті,-деп хабарлайды JurtMedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы.
Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігі Мәскеудегі «Бодрость» моншасында күштік құрылымдардың жүргізген рейдіне байланысты Ресейдің елшісіне ресми нота табыстап, бұл әрекеттің заңды негіздерін түсіндіруді сұрады.
Рейд 11 сәуір күні өткен. «Коммерсант» басылымының хабарлауынша, ресейлік күштік құрылымдар ондаған мигрантты ұстаған. Әлеуметтік желіде тараған видеоларда арнайы жасақ өкілдері моншаға келген адамдарды жерге етпетінен жатқызып, тізерлеп жүруге мәжбүрлегені көрінеді.