Легионерлерді бюджет есебінен «асырауға» тыйым салынды

Шетелден келген спортшыларға ел қазынасынан ақша төлеуге біржола тыйым салынды,-деп хабарлайды JurtMedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы.

Тоқаев әзірде ғана тиісті заңға қолын қойып, мөрін басты.

Қаражат тек халықаралық додаларда нәтиже көрсеткен, Олимпиада, Паралимпиада жеңімпаздары және ұлттық спорт түрлеріне бағытталады.

Легионерлерге төленген миллиардтар енді ауыл-аймаққа бөлініп, спорт мектептеріне, жас таланттарды қолдауға жұмсалады деген үміт бар.