ақпарат ағыны

Әйгілі Назарбаев университеті жабылатын күн жақын

Талай жыл Назарбаев университетіне жетекшілік еткен Шигео Қатсу Қазақстан халқына хат жолдап, Назарбаев университетіне ара түсуді сұраған,-  деп хабарлады Jurtmedia.kz  DALA INSIDE Telegram арнасына сілтеме жасап.

Қатсудың айтуынша, экс-президент негізін қалаған оқу орнының есігіне құлып салынатын күн жақын көрінеді.

 Депутаттар тарапынан сынға ұшырап, кем-кетігін көбейіп кеткен университеттің тағдыры қыл үстінде. Белгілі болғандай ескі Қазақстаннан мұраға қалған оқу орны қарша бораған критикадан бүгін-ертең құтылмайды. Мұрат Әбенов бастаған депутаттар мен Сырым Итқұлов сынды атышулы блогерлер универді төпелетіп ұру туралы тапсырма алған,- деп жазды дереккөз.

Арнаның жазуынша атақты оқу орны туралы түрлі жағымсыз қауесеттер желдей ессе де құзырлы ооындар тарапынан тексеріс жүргізуге оған біраз жыл бұрын берілген «айрықша статусы» ғана кедергі болып тұрған көрінеді.

 Осыдан 12 жыл бұрын Назарбаев университеті, Назарбаев мектептері мен Назарбаева қорына «айрықша статус» берген заң осынау оқу орнын қоғамдық бақылаудан «арашалап» тұр. Соңғы үш жылдың өзінде универді «асырауға» 17 млрд теңгеге жетеқабыл қаржы бөлінген. Ал, нәтиже қайда? Универді көтеруге, дамытуға жұмсалған алтын уақыт, есіл ақша текке кеткен. Депутат Әбеновтің шырылдап жүргені де содан», делінген арна таратқан ақпаратта.

Сонымен қатар дереккөз Шиегоның хатынан үзінді келтірген. Онда ол тұңғыш президенттің атындағы оқу орнына қандай да бір қатер жақындаса Қазақстан үшін шетелдік инвесторлар арасында жағымсыз сценарийлер орын алатынын ескертеді.

НУ басшылығы елең-алаң күйде жүр. Қаржыландырудың күрт кемуі, мемлекеттің қолдаудың әлсіреуі, саяси қысымның күшейуі жақсылыққа әкелмейді. Алдағы апталарда Назарбаевтың, кешіріңіздер, Назарбаев университетінің тағдыры айқындалады. Оқу орны құрдымға кетсе, Жаңа Қазақстанның репутациясына дақ түседі. Сіздерден инвесторлар да теріс айналады», — деп жазған Шигео хатында.

Дереккөз оқу орнының болашағына «алаңдап» отырған Қатсудың жанына батып, қобалжытып отырған  негізгі себепті де атап өтеді.

Назарбаев университеті құрылғалы 13 жыл өтті. Оқу орнын айрықша статустан айырып, жақсылап аудит жүргізер болса талай шикілік шығары ғажап емес. Мұндай жағдайда Шигеоның басына бұлт үйіріледі.

Ескі Қазақстанның дәуірлеп тұрған шағында оқу орнының басшылығынан бөлек, атышулы «Жусан банктің» бұғалтериясын жүргізген Шигео мырза бір тықырдың таянғанын сезіне бастады. Жапондық топ менеджер ескі жүйеге қатысты біраз былықты біледі. Шиегоның милы басын пайдаланған әулет әзір шетелдік банктерде іріп шіріп жатқан қисапсыз байлықты шетке шығарып үлгерді,- делінген арна таратқан ақпаратта.

Сонымен қатар дереккөз өздеріне  жеткен мәлімет бойынша алдағы күндері Дариғамен аффирленген медиа-ресурстарда Назарбаев университетіне араша сұрайтын контент күрт көбейетіндігін жазды.