АҚШ-та Трампқа қарсы ең ірі наразылық өтті

 

Associated Press агенттігінің хабарлауынша, барлық штатты есептегенде ел аумағында мыңнан астам наразылық өткен,-деп хабарлайды JurtMedia.kz.

Олардың бірі Флорида штатында АҚШ президенті демалып жатқан гольф-клубқа жақын жерде болған. Reuters мәліметінше, Трамптың Мар-а-Лагодағы резиденциясы маңына шамамен 400 адам жиналған. Бұл Трамп екінші мерзімге сайланғаннан бергі ең ірі наразылық. Негізінен демократтарды қолдайтын ұйымдастырушылар билікті басып алуға қарсы екендіктерін айтты.

Қатысушылар мемлекеттік қызметкерлерді жұмыстан босату, ведомстволарды жабу, депортация, медицинаны қаржыландыруды қысқарту, сонымен бірге жаңа баж салығына қарсы шықты.