Олардың біразы бұл күнде арннйы қабылдау -тарату орынына қамалды, деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы.
Бұл туралы Алматы прокуратурасы мәлімдеді.
Наурызбай ауданының прокуратурасы еліміз бойынша 400-ден астам таксопаркті анықтады, онда 4237 шетелдік жергілікті атқарушы органдардың рұқсатынсыз қызметін заңсыз жүзеге асырған.
Бүгінгі күні еліміз бойынша ӘҚБтК-нің 517-бабымен 346 шетелдік-таксист (Алматы — 136) және ӘҚБтК-нің 519-бабымен 148 адам (Алматы — 29) шетелдік жұмыс күшін тартқаны үшін (таксопарктер) әкімшілік жауаптылыққа тартылды, 112 қабылдау-тарату орнына (Алматы — 81) қамалды, республикадан 156 шетелдік шығарылды (Алматы — 79).
Бұл жұмыс жалғасуда және ерекше бақылауда. Еңбек қатынастары тараптарының құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында заң шығарушы, көші-қон заңнамасын бұзған жұмыс беруші мен шетелдіктердің жауаптылығын көздеген,-жазды дереккөз.
Қазіргі уақытта Көші-қон қызметті комитеті прокуратураның қадағалау актісін қарауда, онда елді заңсыз қызметті заңсыз жүзеге асырған таксопарктерге де, шетелдіктерге де қатысты тиісті шаралар қабылдау туралы мәселе қойылған.