Бүгін Мәжіліс депутаттары тиісті заң жобасын қарауға қабылдады, — деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы.
Бастама Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары үкіметтері арасындағы келісімді ратификациялауды көздейді. Келісім ратификацияланған жағдайда америкалық тарап Алматыда консулдық кеңсе ғимаратын салу үшін 49 жылға жер телімін жалға ала алады.
Депутат Айгүл Құспанның айтуынша, сөз болып отырған келісімге былтыр 27 қыркүйекте Нью-Йоркте қол қойылған.
Келісімнің мақсаты — Алматы қаласындағы АҚШ консулдық мекемесінің ғимаратын салу және пайдалану үшін АҚШ үкіметіне 70 мың шаршы метрден астам жер телімін 49 жыл мерзімге жалға беру. Тиісті ережелер. иен келісімшарт бойынша жер телімін беру тәртібі мен шарттарын белгілеу бойынша Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті заң жобасын қабылдауға және ол бойынша қорытынды әзірлеуге дайын, — деді А. Құспан Мәжілістің жалпы отырысында.
Алайда, депутат жалдау ақысының құны туралы ештеңе айтапды. Аталған комитет Заң жобасы бойынша қорытындыны дайындайды. Құжат палатаның алдағы отырыстарында қаралатын болады.
Еске салайық, 2024 жылдың қыркүйегінде БАҚ-та Қазақстан мен АҚШ арасындағы келісім жобасы жарияланған болатын. Сол кездегі ақпарат бойынша Қазақстан Үкіметі Алматыда ауданы 70 мың шаршы метрден асатын жер телімін АҚШ үкіметне жалға береді. Жалдау мерзімі – 49 жыл. Сондай-ақ АҚШ жалға алғаны үшін бізідің елге 25 миллион доллардан астам қаражат төлейтіні айтылған еді.