Түрмелерге ықпал жүргізіп отырған қылмыстық топ ұсталды (видео)

Олар еліміздің 10 өңірінде орналасқан түзеу мекемелеріне есірткі жеткізу арнасын жолға қойып, бопсалаумен және криминалитетті қаржыландырумен айналысқан, деп хабарлайды Jurtmedia,kz ақпараттық-сараптамалық порталы. 

Polisia.kz. жазуынша арнайы операция  Ішкі істер министрлігі Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, прокуратура органдарының үйлестіруімен  жүзеге асқан.  

Жедел-тергеу әрекеттері бір уақытта елдің 10 аймағында жүзеге асырылды. Жалпы іс-шаралар қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі ахуалды тұрақсыздандырып, ұстау режимін бұзуға әрекет жасаған адамдарды анықтауға бағытталды. — Жедел әзірлеу барысында жолға қойылған схема бойынша әрекет ететін топтардың желісі құжатталды. Олардың қатарына бірнеше рет сотталған адамдар кірген. Барлығы 118 күдікті, оның ішінде қылмыстық ортаның 13 өкілі ұсталды. 100-ден астам тінту шаралары жүргізілді. Үш Калашников автоматы, екі травматикалық тапанша, әртүрлі калибрлі оқ-дәрілер, 11 кг-нан астам есірткі, мобильді құрылғылар және заңсыз құжаттама тәркіленді. Ұсталған адамдардың арасында алыс және жақын шетелдердің криминалитет өкілдері болғанын атап өткен жөн. Жедел іс-шаралар жалғасуда, — деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.