Дрифт жасаған жүргізуші 20 тәулікке қамалды

Астанада түнгі уақытта BMW көлігімен қауіпті маневр жасап, қарсы бағыттағы жолаққа шыққан 22 жастағы жүргізуші 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

 

Тергеу барысында жас жүргізушінің жолдың жүріс бөлігінде дрифт жасап, қарсы қозғалыс жолағына шыққаны анықталған. Оның әрекеті салдарынан жол жабыны да зақымданған.

Сонымен қатар тексеру кезінде 22 жастағы азаматтың көлік басқаруға мүлде құқығы жоқ екені белгілі болды. Осы құқықбұзушылықтары үшін оған әкімшілік жауапкершілік жүктелді. Автокөлікті жүргізушіге берген BMW иесі де жауапкершілікке тартылды. Себебі ол көлік басқару құқығы жоқ адамға өз автомобилін сеніп тапсырған.

Сот шешімімен жүргізуші 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, көлік коммуналдық тұраққа қойылды.

Полиция өкілдері мұндай қауіпті әрекеттер жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен қауіпсіздігіне нақты қатер төндіретінін ескертті. Сондай-ақ жүргізушілерді жол ережелерін сақтауға және қоғамдық жолдарды қауіпті тәжірибе алаңына айналдырмауға шақырады.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика