Цифрлық реанимация іске қосылды

Қарағанды облысындағы медициналық мекемелерде реанимация бөлімдерін цифрландыру жобасы қолға алынды,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы хабарлайды.

 

Жаңа жүйе медициналық құрылғылардан пациенттердің жағдайы туралы мәліметтерді ортақ ақпараттық жүйеге автоматты түрде жіберуге мүмкіндік береді. Осылайша дәрігерлер науқастардың жүрек соғысын, қанындағы оттегі деңгейін, тыныс алу жиілігін және басқа да маңызды көрсеткіштерін нақты уақыт режимінде бақылай алады.

Пилоттық жоба Қарағанды қаласындағы №2 перинаталдық орталықта іске қосылды. Әсіресе шала туған нәрестелерді күту бөлімінде бұл технологияның маңызы зор. Себебі олардың денсаулық жағдайы қысқа уақыт ішінде өзгеруі мүмкін.

Цифрлық жүйе әр пациенттің жағдайын электронды түрде тіркеп, көрсеткіштердің өзгеру динамикасын бақылауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ ықтимал асқынуларды алдын ала болжауға көмектеседі. Дегенмен медициналық шешімдерді бұрынғыдай дәрігерлер қабылдайды.

Жобаны алдағы уақытта облыстағы тағы 14 медициналық ұйымға енгізу жоспарланған. Жалпы цифрлық жүйемен 179 реанимациялық орынды жабдықтау көзделіп отыр.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика