Қазақстан ІІМ Интерполының сұрауымен Ресей Федерациясының Новосибирск қаласында 24 жастағы қазақстандық азамат ұсталды, -деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы.
Polisia.kz жазуынша оған үлкен көлемде алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеу жарияланған.
Күдікті былтыр жазда Алматыдағы сауда үйлерінің бірінде түрлі техникалық заттар сатушы болып жұмыс істеген. Осы уақытта ол азаматтарға мобильді телефондар мен олардың аксессуарларын елге өткізіп беру сылтауымен алаяқтық жасаған. Ол құрбандарынан 20 миллион теңгеден астам ақша жымқырған. Қазіргі уақытта күдікті қамауда.
Фото: Дереккөзден