Аязды ауа райына байланысты елордалық мешіттер «10 игі іс» акциясын қолдап, адамдарды тегін тасымалдайды және коммуналдық қызмет мамандарын ыстық түскі аспен қамтамасыз етуді қолға алды, деп хабарлады Jurtmedia.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қазақстанның Тәуелсіздік күні қарсаңында елордада «10 игі іс» ұранымен әлеуметтік қайырымдылық іс-шаралары өтіп жатыр. Басты мақсат – қала мен оның тұрғындары үшін игі іс жасау.
Мұндай акцияларды өткен жылдары да ұйымдастырғанбыз. Астананың аязды күндерінде азаматтарымызға көмек қолын созғымыз келеді. Өзге жүргізушілерді акцияға қосылуға және тұрғындарға көмектесуге шақырамыз, — деп атап өтті Астананың бас имамы Ерболат Жүсіпов.
Айта кетейік соңғы төрт-бес күнде Астанада ауа райы -33 градустан көтерлімей тұр. Тіпті түнгі уақытта 35-37 градуысқа дейін суып, сарышұнақ аяз қысуда. Осыған байланысты қаладағы барлық мектептер мен колледждер қащықтан оқыту режиміне көшкен.