ақпарат ағыны

Қос азаматтығы бар 900-ден аса қазақстандық анықталды

14-16 қазан күндері  ҰҚК Шекара қызметі мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерінде басқа мемлекеттің азаматтығы бар Қазақстан Республикасының жеті азаматын ұстады, деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық порталы.

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

 Қазіргі таңда ұсталған адамдар  полиция органдарына тапсырылды. Жыл басынан бері шекарашылар қос азаматтығы бар 935 адамды анықтады,- делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Алайда құзырлы орган таратқан мәліметте  анықталған азаматтардың Қазақастан азаматтығынан бөлек, нақты қай елдің азаматтығын алғандығы туралы айтылмаған.

ҚР заңнамасына сәйкес екінші азаматтықтың болуы 200 АЕК-ке дейін айыппұлмен немесе әкімшілік жаза арқылы ел аумағынан шығарып жіберу жазасына тартылады.