81 жасқа қараған шағында қазақ әдебиетінің алыбы, Мұхтар Әуезовтің ұлы қоғам қайраткері, мәдениеттанушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мұрат Мұхтарұлы Әуезов дүниеден өтті, деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық порталы.
Ол қытай филологиясы мамандығы бойынша филолог.
Әуезов әр уақытта әртүрлі жауапты қызметтер атқарған, дипломатиялық дәрежесі бар, Қазақстанның Қытайдағы елшісі болған.
Қоғамдық жұмыстарға да белсене араласты. Ол «Невада – Семей» қозғалысының вице-президенті. Бір кезде Мәскеуде құрылған «Жас тұлпар» бейресми жастар қозғалысының негізін қалаушылардың және жетекшілерінің бірі, «Қоғамдық қорғаныс» қоғамдық қорының негізін қалаушылардың бірі болды.
Мұрат Әуезов бірнеше рет Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды, Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат болды.
Мұрат Әуезов – көркемдік процестің теориясы мен тәжірибесіне арналған 200-ден астам ғылыми мақаланың авторы.