ақпарат ағыны

Президент резиденциясын өртеген 11 адам сотталды  

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы әкімдігі, Полиция ғимараты мен Президент резиденциясы секілді күзетілетін бірнеше нысандарға шабуыл жасаған азаматтарға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық порталы.

Жалпы саны  11 сотталушыға, жаппай тәртіпсіздіктер мен шабуылдарға қатысқан және күзетілетін нысандарды  басып алу, сондай-ақ билік өкілдеріне қарсы зорлық-омбылық қолданды  (272-бап,269-1-бап 3-бап 380-бап) деген айып тағылған.

 2022 жылдың 4-5 қаңтарында сотталушылар жаппай тәртіпсіздіктерге қатысып қорғалатын нысандарға – Алматы қаласының әкімдігіне, Президент резиденциясына, полиция ғимаратына заңсыз кірді. Сотталушылардың қылмыстық әрекеттері мүліктің жойылуына ұласып ауыр зардаптарға әкелді. Тәртіпсіздік барысында үш сотталушы қоғамдық тәртіп орнату жөнінде шаралар қабылдаған әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне зорлық-зомбылық көрсетті. Ал, сотталушылардың біреуі екі әскери курсантты тұтқынға алып, оларға жеңіл дене жарақаттарын келтірген. Аталған қылмыстар ауыр және аса ауыр қылмыстар санатына жатады,- деп жазды Алматы сотының баспасөз қызметі.

Процес барысында сотталушылар кінәсін жартылай мойындады.

Жаза тағайындау кезінде сот жауапкершілікті жеңілдететін төмендегі жағдайларды ескерді: Олар, сотталушылардың кәмелетке толмаған балаларының болуын, денсаулық және отбасылық жағдайлары және бұрын сотты болмағандықтары.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, сот 10 сотталушыны ҚК 272-бабының 2-бөлігі, 380-бабының 3-бөлігі, 269-бабының 3-бөлігі-1), 4), 8) тармақшалары бойынша кінәлі деп тапты. «Рақымшылық туралы» ҚР Заңы қолданыла отырып, олардың әрқайсысы 1 жыл  9 айға бас бостандығынан айырылды,-делінген соттың хабарламасында.

тағы бір сотталушы ҚК 272-бабының 2-бөлігі, 380-бабының 3-бөлігі, 1), 4), 8) — тармақтары, 269-1-бабының 3-бөлігі, 261-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Оған да  «Рақымшылық туралы» ҚР Заңы қолданыла отырып, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.