Енді 21 жасқа толмағандарға Gorilla сатылмайды

Бүгін Мәжілісте энергетикалық сусындарды 21 жасқа толмағандарға  сатуға тыйым салу туралы заңға түзетулер қабылданды, деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық порталы. Парламенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Енді энергетикалық сусындарды сатып алу үшін азаматтардың жасы 21-ден асқан болуы керек. Оларды 21 жасқа толмаған адамдарға сатуға (соның ішінде сатушының қатысуынсыз – автоматтар, басқа электрондық немесе механикалық құрылғылар арқылы) тыйым салынады. Тиісті түзетулерді бүгін Мәжіліс депутаттары қабылдады,- делінген Мәжіліс таратқан мәліметте. 

Сонымен қатар Үкіметтің ұсынысымен енгізілген қосымша өзгерістерге сәйкес мемлекеттік еңбек инспекциясы жергілікті атқарушы органдардан еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға беріледі.