Бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың кеше ұсталғаны туралы ақпаратты Бас прокуратура растады, деп хабарлады Jyrtmedia.kz
Сонымен қатар Бас прокуратура 2022 жылғы қаңтардағы оқиғаларға байланысты қылмыстық істерді тергеу жалғасып жатқанын айтты.
Ағымдағы жылдың 29 сәуірінде ауыр зардаптарға әкеп соққан билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланғаны үшін (ҚК-нің 362-бабы 4-бөлігі) Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы тәртібінде ішкі істер экс-министрі Е.З.Тұрғымбаев ұсталды,- деп жазды бас қадағалаушы орган.
Сонымен қатар ведомство Қылмыстық істе мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің болуына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері жария етуге жатпайтыны мәлімдеді.
Мемлекеттік құпияларды құрайтын сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария етуге жол бермеу ҚР ҚПК-нің 47 және 201-баптарының талаптарымен регламенттелген,- делінген дереккөз берген ақпаратта.
Айта кетейік, Ерлан Тұрғымбаев ҚР Ішкі істер министрлігін 2019 жылдан бастап басқарып келеді. Ол лауазымынан қаңтар оқиғаларынан соң, 2022 жылы босатылған болатын. Бұдан соң ол жарты жылдай Президенттің кеңесшісі, ал 2023 жылы ШЫҰ Өңірлік терроризмге қарсы құрылымының кеңесшісі қызметіне тағайындалды.