Елдегі депозиттердің жалпы көлемі тарихи межеге жетіп, 31 триллион теңгеден асты. Соңғы бес жылда халықтың банктердегі жинағы 2,5 есеге жуық өскен,—деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
2021 жылы депозит көлемі 13 триллион теңге болған. Қазір Қазақстан халқының 82,4 пайызы жинағын ұлттық валютада сақтайды.
Салымшылардың 40 пайызы ақшаны еркін толықтырып, шешіп алуға болатын депозиттерді таңдаса, мерзімді салымдардың үлесі 26 пайызды, жинақ депозиттерінің үлесі 10,5 пайызды құраған.
Салымдарға мемлекет кепілдік береді. Атап айтқанда, теңгедегі жинақ депозиттерінде 20 миллион теңгеге дейін, мерзімді және мерзімсіз салымдармен 10 миллион теңгеге дейін, ал шетел валютасындағы депозиттерге 5 миллион теңге баламасында өтемақы қарастырылған.
