Қоқыс арасынан қару табылды

Алматы қаласының Алатау ауданындағы қоқыс өңдеу кәсіпорнының жұмысшылары қалдықтарды сұрыптау кезінде аңшы мылтығына ұқсас қару тауып алды,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

Полиция мәліметінше, қару бөлшектелген күйде болған. Алдын ала болжамға сәйкес, бұл -12 калибрлі мылтық.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері келіп, қаруды тәркілеген. Қазір ол сот-баллистикалық сараптамаға жіберілді. Мамандар қарудың шығу тегін, кімге тиесілі екенін және қылмыста қолданылған-қолданылмағанын анықтап жатыр.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика