Бұрынғы баспасөз хатшысына қатысты тексеріс басталды

АҚШ-та Ақ үйдің бұрынғы баспасөз хатшысы Кэти Захарияның адвокаттық қызметпен айналысуға қатысты заңгерлік мәртебесіне байланысты тексеру басталды,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

Калифорния адвокаттар алқасы оған қатысты тексерісті Campaign for Accountability ұйымының шағымынан кейін қолға алған.

Ұйым өкілдерінің мәліметінше, Кэти Захария бірнеше рет телеарналарға берген сұхбаттарында өзін заңгер ретінде таныстырған. Алайда оның Калифорния штатында да, АҚШ-тың өзге өңірлерінде де адвокаттық қызметпен айналысуға мүмкіндік беретін тиісті лицензиясы жоқ.

Бұған дейін Захария Fox News телеарнасына берген сұхбатында адвокаттық біліктілік емтиханынан өте алмағанын және заңгерлік қызметке қажетті лицензия алмағанын мойындаған. Соған қарамастан, АҚШ президенті Дональд Трамп оны көпшілік алдында заңгер ретінде таныстырған.

Айта кетейік, Кэти Захария 9 қазанда Ақ үйдің баспасөз хатшысы қызметіне тағайындалып, 13 қазанда алғашқы брифингін өткізген. Алайда көп ұзамай қызметінен кеткен. Оның журналистер алдындағы алғашқы мәлімдемесі кезінде сөзден жаңылуы және қойылған сұрақтарға толық жауап бере алмауы БАҚ пен қоғам назарын аударған.

Қазір Калифорния адвокаттар алқасы оның заңгерлік мәртебесіне қатысты мән-жайды анықтап жатыр.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика