Президент ауыл шаруашылығы саласын дамытуға елеулі үлес қосқаны үшін бір топ азаматты мемлекеттік наградамен марапаттады деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен еліміздің ауыл шаруашылығы саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін марапатталды:
«Парасат» орденімен
Асанов Бейбіт Батниязұлы – «Жеңіс» ШҚ басшысы, Батыс Қазақстан облысы
Нұртазаев Бақыт – ауыл шаруашылығы саласының ардагері, Қызылорда облысы;
II дәрежелі «Достық» орденімен
Рудаков Александр Сергеевич– «ЭКО-культура» агроөнеркәсіптік холдингінің негізін қалаушы және президенті, Ресей Федерациясы;
«Құрмет» орденімен
Балжігітов Сейітжан Қапанұлы – «Достан Ата» ШҚ басшысы, Атырау облысы
Ищанов Қуаныш Аманғалиұлы – «Айс-плюс» ЖШС директоры, Ақтөбе облысы
Мақатов Қайырбай Қонқаұлы – «Бижан» ШҚ басшысы, Қостанай облысы
Хуршудов Ислам Махмудович – «Агро Балтабай» ЖШС малшысы, Алматы облысы;
III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен
Ахметжанов Рүстем Қажықанұлы – «Қапшағай МТС Сервис» ЖШС малшысы, Алматы облысы
Әменов Мәкіш Керімбайұлы – жылқышы, Ұлытау облысы
Клишин Виктор Александрович – «Жер өнімдері» ЖШС тракторшы-механизаторы, Ақмола облысы
Темірбаев Қуандық Сейіткенұлы – «Меңдеш» ШҚ механизаторы, Павлодар облысы;
«Ерен еңбегі үшін» медалімен
Әбдірайымов Дәурен Шыңғысұлы – «Дәурен» ШҚ зоотехнигі, Абай облысы
Әбсәттар Өтепберген Әкімұлы – «Өтепберген» ШҚ түйе өсірушісі, Түркістан облысы
Қапарова Әлия Айбасқызы – «Burabay Milk» ЖШС бұзау күтішусі, Ақмола облысы
Сейдахметов Бауыржан Қабиұлы – «Шалқар» ШҚ аға бақташысы, Маңғыстау облысы;
«Қазақстанның аграрлық саласының еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы
Айтөленов Дастан – «Меркі ірімшік зауыты» ЖШС директоры, Жамбыл облысы
Звольский Сергей Адамович – «Астық-STEM» ЖШС директоры, Солтүстік Қазақстан облысы
Нығметов Сейітжапар Алшынбекұлы – «Қайнар» ЖШС директоры, Қарағанды облысы
Тезекбаев Жұмаш Жұмабекұлы – «Егемендік» ШҚ басшысы, Жетісу облысы.
