Михаил Шайдоров бапкерімен қоштасты

Мәнерлеп сырғанаушы, 2026 жылғы Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров ресейлік бапкер Алексей Урмановпен он жылдық әріптестігін аяқтағанын мәлімдеді,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы..

Спортшы 20 қарашада Instagram парақшасында жазба жариялап, осы уақытқа дейін бірге еңбек еткен бапкеріне алғыс айтты.

Ол 12 жасынан бастап Алексей Урмановтың жетекшілігімен жаттыққан. Он жыл ішінде жас спортшы Олимпиада чемпионы атанып, әлем чемпионатының күміс және төрт құрлық чемпионатының алтын медалін жеңіп алды.

«Осы жылдар ішінде біз талай қиындықты еңсердік, жарақаттар мен жеңістерді бірге өткердік. Ең бастысы, бапкерімнің маған деген сенімін әрдайым сезіндім. Алексей Евгеньевич маған кәсіби білімі мен тәжірибесін үйретіп, спортшы әрі тұлға ретінде қалыптасуыма зор үлес қосты»,деп жазды Михаил Шайдоров.

Спортшы алда жаңа кезең мен жаңа мақсаттар күтіп тұрғанын атап өтті. Сондай-ақ Қазақстан намысын халықаралық аренада лайықты қорғауды жалғастыратынын жеткізді.

Бұған дейін Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов қос тараптың келісімшартты жаңа олимпиадалық циклдің басталуына байланысты тоқтатқанын растаған болатын. Әзірге Шайдоровтың жаңа жеке бапкерінің есімі ресми жарияланған жоқ.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика