Жаңа халықаралық пойыз қатынайды

17 желтоқсаннан бастап Атырау арқылы Астрахань мен Ташкент арасында жаңа халықаралық жолаушылар пойызы қатынай бастайды. №149/150 бағытындағы пойыз аптасына бір рет жүреді,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

 

Бұл Атырау тұрғындарына Өзбекстанға теміржол арқылы қатынауға қосымша мүмкіндік береді.  Өзбекстан Көлік министрлігінің мәліметінше, Ташкенттен шығатын №150 пойыз әр бейсенбі күні сағат 18:00-де жолға шығып, сенбі күні сағат 19:00-де Астраханьға жетеді.

Ал кері бағыттағы №149 пойыз алғашқы рейсін 20 желтоқсанда орындайды. Ол әр жексенбі күні сағат 02:01-де Астраханьнан аттанып, сейсенбі күні сағат 04:35-те Ташкентке келеді.Пойыз Ақсарай, Ганюшкино, Атырау, Бейнеу және Самарқанд станциялары арқылы өтеді. Екі бағыттағы сапар шамамен екі тәулікке созылады.

Билеттер пойыздың жөнелтілуіне 45 күн қалғанда сатылымға шығарылады. Жаңа бағыт Қазақстан, Өзбекстан және Ресей арасындағы теміржол қатынасын кеңейтуге мүмкіндік бермек.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика