Тоғыз айда 3 мыңнан астам адамнан қатерлі ісік анықталған

Биыл тоғыз айда елімізде 3,23 миллионнан астам адам онкологиялық скринингтен өтіп, олардың 3 мыңнан астамынан қатерлі ісік анықталған. Былтыр осы кезеңімен салыстырғанда ауруды анықтау көрсеткіші 62 пайызға артқан,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, биыл әсіресе сүт безі, тоқ ішек пен тік ішек, сондай-ақ жатыр мойны обырын анықтау жағдайлары көбейген.

Атап айтқанда, сүт безі обыры 2 049 әйелден анықталған. Бұл былтырмен салыстырғанда 58,5 пайызға көп. Тоқ ішек және тік ішек қатерлі ісігі 590 адамнан табылып, көрсеткіш 78,8 пайызға өскен. Ал жатыр мойны обырының 377 жағдайы тіркелген. Бұл өткен жылғыдан 57,7 пайызға жоғары.

Бұдан бөлек, дәрігерлер 5 295 обыр алды жағдайын анықтаған. Бұл да былтырмен салыстырғанда 57 пайызға артық. Министрлік дерегінше, онкологиялық ауруларды ерте кезеңде анықтау көрсеткіші де жақсарған. Қатерлі ісіктің бірінші сатысында анықталған жағдайлардың үлесі 70,3 пайыздан 71,6 пайызға дейін өскен.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика