Киберспортшымызды ешкім керек қылмаған ба? Министр түсініктеме берді

Еліміздің атын әлемге танытып жүрген киберспортшы Даниил Голубенко ірі халықаралық турнирдегі жеңісінен кейін Астана әуежайында ресми түрде қарсы алмаған,-деп хабарлайды ақпараттық-сараптамалық порталы.
Бұл мәселеге қатысты Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте түсініктеме берді.
Министрдің айтуынша, Қазақстанда халықаралық жарыстардан оралған спортшыларды ресми қарсы алу тәртібі бар. Алайда бұл рәсім әлем чемпионаттары мен Азия ойындары сияқты ресми жарыстарға қатысқан спортшыларға қатысты қолданылады.

Ал Даниил Голубенконың бұл жолғы сапары жарыстан кейінгі жеке сапар болғандықтан, әуежайда салтанатты қарсы алу ұйымдастырылмаған.

Сонымен қатар Ербол Мырзабосынов киберспортшының жетістігі жоғары бағаланатынын атап өтті. Оның сөзінше, Киберспорт федерациясы мен Спортты дамыту дирекциясы спортшыны қолдап, халықаралық аренада танымал ету бағытында жұмыс жүргізіп келеді.

Айта кетейік, Даниил Голубенко 2026 жылдың 1 қарашасында Counter-Strike 2 ойынынан қатарынан үшінші ірі турнирде жеңіске жетті.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика