БҰҰ Алматыда зерттеу хабын ашады

Елімізде БҰҰ университетінің өңірлік зерттеу хабы ашылады. Жаңа ғылыми орталық Алматы қаласында орналасады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев III Стратегиялық әріптестер форумында мәлімдеді,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

 

Президенттің айтуынша, хабты ашу туралы келісімге Ғылым және жоғары білім министрлігі мен БҰҰ университеті қол қояды. Бұл бастама Қазақстанның ғылыми әлеуетін халықаралық деңгейде танытуға және шетелдік білім беру, ғылыми мекемелермен ынтымақтастықты кеңейтуге мүмкіндік бермек.

Сондай-ақ жаңа ғылыми орталық отандық жоғары оқу орындарының әлеуетін арттырып, академиялық институттардың дамуына серпін береді деп күтіліп отыр.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика