Тұрмыстық зорлық-зомбылықты тергеу күшеймек

Швецияда тұрмыстық зорлық-зомбылық істерін тергеу кезінде сот-медициналық сараптама қорытындылары кеңінен қолданылмақ. Бұл шара отбасындағы зорлық-зомбылық фактілерін дәлелдеуді жеңілдетуге бағытталған,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

Елдің Ұлттық сот-медициналық басқармасы мәлімдегендей, мұндай қылмыстар көбіне куәгерсіз жасалатындықтан, дене жарақаттарын дер кезінде тіркеу мен сараптамадан өткізу аса маңызды.Сот-медициналық сараптама жарақаттардың сипатын, қашан және қандай жағдайда пайда болғанын, сондай-ақ денсаулыққа тигізген зардабын анықтауға мүмкіндік береді.

Мамандардың айтуынша, зорлық-зомбылық құрбандарының полицияға кеш жүгінуі тергеуге кедергі келтіреді. Себебі уақыт өте келе көгерген іздер мен өзге де дене жарақаттары жоғалып, дәлел жинау қиындайды.Осыған байланысты Швецияның Ұлттық сот-медициналық басқармасы полиция және прокуратура органдарымен бірлесіп, медициналық мекемелермен байланысты нығайту, жарақаттарды тіркеу әдістерін жетілдіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Ведомство атқарылған жұмыстардың нәтижесін 2027 жылғы 2 сәуірге дейін елдің Әділет министрлігіне ұсынуға тиіс.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика