Шетелдіктер Қазақстан туризмі үшін ақша аямаған

Елімізде туризм саласынан түскен салық түсімдерінің көлемі 303 млрд теңгеге жетті. Ал шетелдік туристер елімізде 1,4 млрд АҚШ долларын жұмсаған. Бұл туралы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлімдеді,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

Министр бұл деректерді Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында жариялады. Оның айтуынша, соңғы уақытта Қазақстанның туристік саласында негізгі көрсеткіштермен оң өсім байқалады.

2026 жылдың алғашқы алты айында еліміздегі орналастыру орындары шамамен 5 миллион адамға қызмет көрсеткен. Бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 5 пайызға жоғары. Ал туристерге көрсетілген қызмет көлемі 15 пайызға өсіп, 173,7 млрд теңгені құраған.

Қазіргі туризм саласында 565 мыңнан астам адам еңбек етеді. Бұл Қазақстандағы жалпы жұмыспен қамтылған халықтың шамамен 6 пайызына тең. Сала бюджет кірісін толықтыруға да елеулі үлес қосып отыр. Туристік қызметтен түскен салық көлемі 303 млрд теңгеге жетіп, елдегі жалпы салық түсімдерінің 2,1 пайызын құраған.

Сонымен қатар шетелдік туристердің Қазақстан аумағында жұмсаған қаражаты 1,4 млрд АҚШ долларына жеткен. Министр бұл көрсеткіш шетелдік қонақтардың ел экономикасына қосатын үлесінің артып келе жатқанын көрсететінін атап өтті.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика