Азия ойындарында алтын медаль иеленген қазақстандық спортшыларға берілетін сыйақы көлемі 50 мың долларға дейін ұлғайтылды. Бұл туралы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы
Министрдің айтуынша, сыйақы көлемі федерациялар мен Спортты қолдау қоры арқылы бюджеттен тыс қаражат есебінен арттырылған.
Биыл федерациялар мен Спортты қолдау қоры арқылы бюджеттен тыс қаражат есебінен Азия ойындарының чемпиондарына берілетін сыйақыны 50 мың долларға дейін арттырдық. Ал өзге жүлдегерлерге тиесілі төлемдер мемлекеттік органдармен келісу жұмыстары және халықаралық федерациялармен байланысты қажетті рәсімдер аяқталғаннан кейін беріледі, – деді Ербол Мырзабосынов.
Министр өзге жүлделі орындарға ие болған спортшыларға тиесілі сыйақылардың қажетті рәсімдер аяқталған соң төленетінін атап өтті.
