FlyArystan әуе компаниясы Орал — Дубай бағыты бойынша билет сатуды бастады, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Алғашқы рейс 24 желтоқсанда орындалады. Рейстер аптасына бір рет, бейсенбі күндері ұшады. Оралдан ұшақ 06:20-да көтеріліп, Дубайға 11:55-те жетеді. Кері рейс 13:00-де ұшып, Оралға 20:25-те қонады.
Билет бағасы Оралдан Дубайға 65 мың теңгеден, кері бағытта 66 мың теңгеден басталады.
Жолаушылар багаж тасымалдау және ұшақтағы орынды таңдау қызметтерін қосымша сатып ала алады.
Билеттерді FlyArystan сайты мен мобильді қосымшасынан рәсімдеуге болады.
