Ел президенті отставкаға кететінін мәлімдеді

Моңғолия президенті Ухнаагийн Хүрэлсүх өзі туралы мұндай шешім қабылдауына оппозицияның оны мемлекеттік теміржол жобасына қатысты сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деп айыптауы себеп болған деп хабарлайды Jurtmedia-ақпараттық сараптамалық порталы.

Бұл туралы Associated Press агенттігі жазды. 

Агенттіктің мәліметінше, оппозициялық партия президенттің мемлекеттік теміржол жобасынан қаржылық пайда көргенін мәлімдеген. Алайда айыптауларға қатысты нақты деректер әзірге жарияланған жоқ.

Ухнаагийн Хүрэлсүх тергеу органдарымен ынтымақтасуға дайын екенін айтқан. Президенттің қызметтен нақты қай уақытта кететіні әзірге белгісіз.

 

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика