Жүргізуші куәлігін алу тәртібі өзгерді

Елімізде жүргізуші куәлігін алу және автокөлікті тіркеу тәртібіне бірқатар өзгеріс енгізілді. Жаңа ережелер 2026 жылғы 8 қазаннан бастап күшіне енген,-деп хабарлайды   Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

Әкімшілік полиция комитетінің түсіндіруінше, жүргізуші емтиханынан бірінші рет өте алмаған азамат келесі жұмыс күні қайта тапсыра алады. Екінші сәтсіздіктен кейін келесі мүмкіндік 10 күннен соң беріледі. Алғашқы үш әрекет тегін, төртінші реттен бастап ақы төленеді. Қайта тапсыру санына шектеу жоқ.

Теориялық емтиханнан өткен азаматтың нәтижесі бір жыл бойы жарамды болады. Осы уақыт ішінде тек практикалық сынақты қайта тапсыруға мүмкіндік бар. Ал емтихан кезінде телефон немесе шпаргалка қолданған жағдайда сынақ тоқтатылып, қайта тапсыруға бір жылдан кейін ғана рұқсат беріледі.

Сондай-ақ автокөлікті тіркеу кезінде құжаттарда қате анықталса, оны түзетуге немесе жетіспейтін құжатты ұсынуға 1,5 сағат уақыт беріледі. Бұдан бөлек, көлікті тіркеу кезінде төленбеген жол қозғалысы айыппұлдарының бар-жоғы тексерілмейді. Алайда іздеуде тұрған немесе тіркеуге шектеу қойылған көліктерге қатысты бақылау сақталады.

Жаңа өзгерістер жүргізушілердің уақытын үнемдеуге және құжат рәсімдеу үдерісін жеңілдетуге бағытталған.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика