Таңертеңгі шыққан өрттің салдарынан Астана халықаралық әуежайында бірнеше рейстің ұшу уақыты кешігіп жатыр, деп хабарлады Jurtmedia.kz
Әуежайдың баспасөз қызметінің мәліметінше, Астана халықаралық әуежайы ұшып келетін рейстерді қабылдауды тоқтатқан жоқ. Алайда түрлі бағыттарға ұшуы тиіс 18 рейс кешіктірілуде.
Олар: КС205 Астана-Дубай, DV702 Астана-Шымкент, КС 952 Астана-Алматы, IQ389 Астана-Жезқазган, КС 7052 Астана –Алматы, DV783 Астана-Өскемен, КС 313 Астана-Ақтау, ТК 357 Астана-Ыстамбұл, DV 747 Астана-Павлодар, КС7341 Астана-Қостанай, DV821 Астана-Пулково, КС 852 Астана-Алматы, КС7315 Астана – Қызылорда, Lo196 Астана-Варшава, IQ367Астана-Қостанай, DV716 Астана-Шымкент, IQ437 Астана-Петропавл, КС345 Астана-Өскемен.
Кешіктірілген рейстердің нақты ұшу уақыты белгісіз. Жағдай тұрақталғаннан соң рейстер қалыпқа келтіріледі. Қолайсыздық үшін жолаушыларымыздан кешірім сұраймыз. Жолаушыларға Астана халықаралық әуежайының әкімшілігі су мен сусын ұсынуда. Алдағы уақытта әкімшілік жолаушыларды жеңіл тағаммен қамтамасыз етеді, — деді әуежайдың баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін таңғы 07:50-де Астана халықаралық әуежайының коммутациялық жүйесінен өрт шыққан болатын. 08:24-те өрт толықтай ауыздықталды. Өрт сөндіру кезінде қатты түтіннің пайда болуына байланысты әуежай терминалындағы барлық жолаушы қауіпсіз жерге эвакуацияланған.
Тілсіз жауды ауыздықтауға барлығы 23 техника мен 58 адам жұмылдырылды.
Рейстердің кешәгуіне қатысты Эйр Астана компаниясы да м2л3мдеме жасады.
27 ақпанда Астана халықаралық әуежайында түтіндеу мен адамдардың эвакуациялау бірқатар рейстердің кешігуіне әкеп соққаны туралы хабарлайды. Қазіргі уақытта әуежайдың жұмысы қайта жалғасып, әуекомпания ұшу кестесін қалпына келтіруде. Рейстің мәртебесін әуекомпанияның ресми сайтынан тексеруды сұраймыз, — деп жазды әуекомпанияның баспасөз қызметі.