Энергетикалық сусындарды сатуға толық тыйым салу ұсынылды

Елімізде энергетикалық сусындарды өндіруге, импорттауға және сатуға толық тыйым салу ұсынылды. Бұған өнімді тұтынудың артуы мен оның денсаулыққа зияны себеп болып отыр,—деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

 

Депутат Максут Насибулов энергетиктерді шамадан тыс тұтыну жүрек ауруларына әкелетінін айтып, олардың жарнамасын шектеуді ұсынды. Зерттеулерге сәйкес, елдегі оқушылардың 43 пайызы энергетикалық сусындарды тұтынады, ал 10 пайызы тұрақты түрде ішеді.

2023 жылы елде 215 миллион литр энергетик сатылса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 355 миллион литрге жеткен. Осыған байланысты «Әкелер одағы» энергетикалық сусындарға толық тыйым салуды талап етіп, петиция жариялады. Әзірге бұл ұсыныс Үкіметтің қарауына жіберіледі.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика