Оманда жүрген төрт отандасымыз жол-көлік оқиғасынан зардап шекті

Оманның Салала қаласында болған жол-көлік оқиғасынан сол жақта демалыста жүрген қазақстандық бір отбасының төрт мүшесі жарақат алды,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

Қазір еліміздің Сыртқы істер министрлігі олардың елге оралу мәселесін шешіп жатыр.

Оқиға 15 қарашада болған. Жол апатына бір отбасының төрт мүшесі -әжесі, атасы, олардың қызы және кәмелетке толмаған немересі түскен. Барлығы түрлі дене жарақаттарын алып, ауруханаға жеткізілген.

Сыртқы істер министрлігі Қазақстанның Омандағы дипломаттары зардап шеккен азаматтарға консулдық көмек көрсетіп жатқанын мәлім етті. Сонымен қатар олар емдеуші дәрігерлермен тұрақты байланыста.

Ведомствоның хабарлауынша, қазір отандастарымызды Қазақстанға қайтару мәселесі қарастырылып жатыр. Жағдай министрліктің бақылауында.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика