Қалың тұман салдарынан Жезқазған – Қызылорда автожолында көлік (барлық түріне) қозғалысына уақытша шектеу енгізілді,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Бұл туралы Polisia.kz сайты мәлімдеді.
Қазіргі уақытта жол бойында 20-ға жуық автокөлік тұр. Патрульдік полиция қызметкерлері жүргізушілерге түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қауіпсіздік шараларын ескертіп жатыр.
Жүргізушілерге белгіленген шектеулерді сақтап, жол қозғалысы қайта ашылғанға дейін сапарға шықпау ұсынылады.
