2026 жылдың желтоқсан айында қазақстандықтарды Тәуелсіздік күніне орай қосымша демалыс күні күтіп тұр деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық сараптамалық порталы
Мемлекеттік мереке 16 желтоқсанда атап өтіледі. Биыл бұл күн сәрсенбіге сәйкес келеді.
Осыған байланысты 16 желтоқсан бес күндік және алты күндік жұмыс аптасымен еңбек ететін азаматтар үшін демалыс күні болады.
Желтоқсан айында мерекеге байланысты демалыс күндерін ауыстыру жоспарланбаған. Айдың қалған демалыс күндері әдеттегі кестеге сәйкес беріледі.
