Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Премьер-Министр Олжас Бектенов тиісті Үкімет қаулысына қол қойды. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлімдеді деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы
Жаңа жоғары оқу орны Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің мәдениет және өнер факультеті негізінде құрылады.
Университетте бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейлерінде мамандар даярланады. Білім беру бағдарламалары аясында кино және драматургия, режиссура, графика және мультимедиа, медиаменеджмент, операторлық өнер және дыбыс режиссурасы бағыттарына басымдық беріледі.
Сонымен қатар жаңа оқу орнына ерекше мәртебе беріледі. Бұл оған заманауи білім беру бағдарламаларын енгізуге, халықаралық жобаларға қатысуға, сондай-ақ білім, ғылым, мәдениет және креативті индустриялар саласындағы ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік береді.
