“Самұрық-Қазына” басшылығына жаңа төраға қашан тағайындалады?

Премьер-министр Олжас Бектенов “Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қорының басшылығына қатысты соңғы оқиғаларға байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта құқық қорғау органдары жекелеген лауазымды тұлғаларға қатысты тергеу жүргізіп жатыр.

Үкімет басшысының сөзінше, істің барлық мән-жайы тергеу барысында анықталады. Жағдай Мемлекет басшысының бақылауында.

Қазіргі кезеңде сөз нақты бір жағдай туралы болып отыр. Бұл жағдай қордың бүкіл компаниялар тобының қызметіне күмән келтіруге негіз бола алмайды, – деді Олжас Бектенов.

Сондай-ақ Премьер-министр жақын арада “Самұрық-Қазына” АҚ басқармасының жаңа төрағасы тағайындалатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, басшылық ауысқанымен, басқарудағы сабақтастық пен қор жұмысының үздіксіздігі сақталады.

Қор тобына кіретін барлық компания штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Инвестициялық және инфрақұрылымдық жобалар бекітілген жоспарға сәйкес жалғасады. Ал инвесторлар, кредиторлар, банктер мен халықаралық қаржы институттары алдындағы міндеттемелер толық әрі уақытылы орындалады,- деді ол.

Сонымен қатар Үкімет басшысы қалыптасқан жағдай корпоративтік басқару жүйесін күшейтіп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу шараларын жетілдіруді талап ететінін айтты.

Оның сөзінше, қор мен еншілес ұйымдардың директорлар кеңестерінің, аудит және тәуекелдерді басқару комитеттерінің рөлі күшейтіледі. Ішкі бақылау, комплаенс және аудит тетіктері қайта қаралады.

Бұдан бөлек, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мүдделер қақтығысын анықтау, шешім қабылдау үдерісінің ашықтығын арттыру және басшылардың жеке жауапкершілігін күшейту мәселелеріне басымдық беріледі.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика