Трамп: АҚШ Қытайды тыңшылықпен бақылап отыр

АҚШ президенті Дональд Трамп Қытаймен қарым-қатынасы жақсы екенін айтып, екі елдің бір-біріне тыңшылық жасайтынын ашық мойындады,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

 

Трамп бұл туралы Қытайға жасаған сапары кезінде Шэньчжэнь қаласында Fox News телеарнасына берген эксклюзивті сұхбатында мәлімдеді.

Ақ үй басшысының айтуынша, АҚШ пен Қытай арасындағы байланыс өзара құрметке негізделген. Сонымен қатар ол Вашингтон мен Бейжіңнің бір-біріне тыңшылық жасауы қалыпты жағдай екенін атап өтті.

«Біз Қытайға тыңшылық жасаймыз, олар да бізге тыңшылық жасайды. Оларды мұны тоқтатуға шақырудың мәні жоқ. Олар да менен тыңшылықты доғаруды сұрауы мүмкін. Бірақ мен оған келісер-келіспесімді білмеймін», деді Дональд Трамп.

Сондай-ақ АҚШ президенті Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен және Ресей президенті Владимир Путинмен қарым-қатынасы жақсы екенін жеткізді.

Бүгін Трамп пен Си Цзиньпиннің келіссөздері өтіп, кейін оларға Владимир Путин қосылуы жоспарланған. Үшжақты кездесудің негізгі тақырыптарының бірі-ядролық арсеналдарды қысқарту мәселесі. Алайда Трамп АҚШ, Қытай және Ресей арасындағы ядролық қару қорын азайту жөніндегі келісімге келу оңай болмайтынын атап өтті.

 

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика