Алматыда Мемлекет және қоғам қайраткері, Ұлттық ғылым академиясының академигі Мұхтар Құл-Мұхаммедтің «Сараман жолы» атты жаңа кітабы жарық көрді,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Туынды қазақ әдебиетінің классигі, жазушы-драматург Мұхтар Әуезов пен оның ұлы, белгілі мәдениеттанушы Мұрат Әуезовтің өмірі мен шығармашылық жолына арналған. Автор қос тұлғаның тағдыры арқылы ХХ ғасырдағы қазақ қоғамының күрделі саяси-тарихи кезеңдерін кеңінен сипаттайды.
Жаңа еңбектің тұсаукесері Ұлттық кітапханада өтті. Кітапты «Атамұра» баспасы басып шығарған. Автордың айтуынша, шығарманың жекелеген бөлімдері 2023-2026 жылдар аралығында түрлі басылымдарда жарияланып, әлеуметтік желілерде де оқырман назарына ұсынылған.
Кітаптың «Үндістан үндестігі», «Жазылмаған Жапония», «Ашылмаған Америка» атты соңғы үш тарауында Мұхтар Әуезов пен Мұрат Әуезовтің Үндістан, Жапония және АҚШ-қа жасаған сапарлары баяндалады.
Автор бұл еңбегінде қос Әуезовтің өмір жолын ғана емес, сол кезеңдегі тарихи оқиғалар мен қоғамдық-саяси өзгерістерді де қамтыған.
