TikTok-та былапыт сөз айтқаны үшін психикалық орталықта емделеді

Абай облысында полиция қызметкерлері TikTok әлеуметтік желісіндегі тікелей эфир кезінде былапыт сөздер айтқан 53 жастағы әйелді анықтады деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы

Сот шешімімен ол психикалық денсаулық орталығына үш ай мерзімге мәжбүрлі түрде жатқызылды.

Өңірлік полиция департаментінің мәліметінше, әйелдің жеке басы жедел анықталған. Ол – Семей қаласының тұрғыны. Бұған дейін, тамыз айында да осындай құқық бұзушылық жасағаны үшін сот оған әкімшілік қамаққа алу жазасын тағайындаған.

Бұл жолы полиция қызметкерлері жедел жәрдем бригадасымен бірге әйелдің тұрғылықты мекенжайына барған. Сондай-ақ оның бірге тұратын азаматы тарапынан да шағым түскені белгілі болды.

Қазіргі уақытта әйел психикалық денсаулық орталығында үш ай бойы мәжбүрлі ем қабылдайды.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика