60,2 млрд теңгенің жобасы жүзеге асады

Алматы облысында мемлекет меншігіне қайтарылған жерлерге жалпы құны 60,2 млрд теңгені құрайтын бес инвестициялық жоба жүзеге асырылады. Нәтижесінде өңірде 700-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

 

Облыс әкімдігінің мәліметінше, 2022 жылдан бері өңірде нысаналы мақсатына пайдаланылмаған 563,9 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылған. Қайтарылған және жер қорындағы алқаптардың жалпы 585,2 мың гектары ауыл шаруашылығы айналымына тартылған.

Жоспарланған инвестициялық жобалардың қатарында Қонаев қаласында 35,2 млрд теңгеге ірімшік зауытын салу, Алатау қаласында 11,7 млрд теңгелік икемді қаптама өндіретін кәсіпорын ашу бар. Сондай-ақ Іле ауданында өндірістік-логистикалық кешен, Еңбекшіқазақ ауданында базальт мақтасын өндіретін зауыт салынады. Бұдан бөлек, Қонаев қаласында Alatau Eco Resort демалыс аймағын іске қосу көзделген.

Жердің пайдаланылуын бақылау ғарыштық мониторинг және JerInSpectr платформасы арқылы жүргізіледі. Заң талаптарын орындамаған жер пайдаланушылардың учаскелері белгіленген тәртіппен мемлекетке қайтарылады.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика