Мұнай-газ саласында отандық өнімнің үлесі ұлғаяды

Мұнай-газ саласындағы жергілікті қамту үлесін арттыру және отандық өндірушілерді қолдау бағытындағы жұмыстар жалғасып жатыр,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

Бұл туралы Үкімет отырысында  Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, 2026 жылдың алғашқы тоғыз айында энергетикалық сектордағы жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алу көлемі 3,553 трлн теңгені құраған. Соның ішінде отандық қамту үлесі 1,967 трлн теңгеге немесе 55,4 пайызға жеткен. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 65,5 пайызға дейін жеткізу жоспарланып отыр.

Сондай-ақ 2026 жылғы қазанда өткен Мұнай-газ машинасын жасау форумының қорытындысында отандық өндірушілермен жалпы сомасы 301,5 млрд теңгені құрайтын 27 келісімшарт жасалып, ынтымақтастық жөнінде 10 меморандумға қол қойылған.

Ерлан Ақкенженовтің мәліметінше, жыл басынан бері жер қойнауын пайдаланушылар 79,7 млрд теңгеге 75 ұзақ мерзімді шарт және 668,9 млн теңгеге 42 офтейк-келісімшарт жасасқан.

Отандық өндірісті дамыту аясында 2022–2025 жылдары жалпы құны 7,9 млрд теңге болатын 10 өндіріс орны іске қосылып, 350-ден астам жаңа жұмыс орны ашылған. Қазір жалпы құны 37,7 млрд теңгені құрайтын тағы 15 өндірісті оқшаулау жобасы жүзеге асырылып жатыр.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика