Жаңа тауық жұмыртқасын импорттауға екі ай мерзімге уақытша тыйым енгізілді. Шектеу барлық көлік түріне, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен жеткізілетін өнімдерге де қатысты. Бұл туралы Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы хабарлайды
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров тиісті бұйрыққа 2026 жылғы 12 қарашада қол қойған. Құжат 13 қарашадан бастап күшіне енді.
Алайда шектеу Қазақстан аумағы арқылы өтетін транзиттік тасымалдарға қолданылмайды. Сондай-ақ бұйрық күшіне енгенге дейін экспортқа рәсімделген және ел аумағына жетіп қойған жұмыртқа партияларын тиісті құжаттар болған жағдайда әкелуге рұқсат етіледі.
