Балалар арбасымен қоғамдық көлікке кіруге тыйым салына ма?

Елімізде балалар арбасымен қоғамдық көлікке кіруге шектеу қойылды деген ақпарат тарады. Алайда Көлік министрлігі бұл мәліметті жоққа шығарып, жаңа талаптың мәнін түсіндірді деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

Ведомствоның хабарлауынша, қолданыстағы қағидалар ата-аналардың балалар арбасымен автобусқа мінуіне тыйым салмайды. Тек автобус салоны жолаушыларға толған жағдайда арбаны орналастыру тәртібі нақтыланған.

Атап айтқанда, автобуста жолаушы көп болып, арбаны жинап қоюға мүмкіндік болса, ата-аналарға оны бүктеу ұсынылады. Бұл өзге жолаушылардың қозғалысына кедергі келтірмеу және қауіпсіздікті сақтау үшін қарастырылған.

Сонымен қатар балалар арбасын жинау – міндетті талап емес. Егер ата-анаға оны бүктеу қолайсыз болса, арбаны жайылған күйінде алып жүруіне болады.

Министрлік арбаны жинамағаны үшін айыппұл салынбайтынын, ата-аналарды автобустан түсіруге немесе басқа да санкциялар қолдануға жол берілмейтінін атап өтті.

Осылайша, жаңа өзгерістер балалар арбасымен қоғамдық көлікте жүруге тыйым салмайды. Негізгі мақсат автобус салонындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика