Қазақстанда балаларды қолдау шаралары күшейтілді

Қазақстанда соңғы үш жылда қиын жағдайға тап болған 300 мыңнан астам балаға көмек көрсетілді. Бұл туралы Динара Зәкиева Үкімет сағатында мәлімдеді, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

Оның айтуынша, елімізде 7 миллионға жуық бала тұрады. Соңғы жылдары олардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғау бағытында бірқатар реформа жүзеге асқан.

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы мен «Келешек» жүйесі іске қосылған. Соңғы бес жылда 1000-нан астам мектеп салынып, 54 оңалту орталығы ашылған. Сонымен қатар балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған 11 заң қабылданған. 

Қиын жағдайдағы балаларды ерте анықтау үшін 111 бірыңғай байланыс орталығы, 160 Отбасын қолдау орталығы және мектептерде QR-код жүйесі енгізілді. Сондай-ақ «Балажан» платформасы іске қосылды. Осы тетіктердің барлығы соңғы үш жылда қиын жағдайға тап болған немесе көмекке мұқтаж 300 мыңнан астам баланы уақтылы анықтап, оларға қолдау көрсетуге мүмкіндік берді. Әр санның артында баланың тағдыры тұр, – деді Динара Зәкиева.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика