Астана – Семей бағытына жаңа үлгідегі пойыз жолға шықты

13 қарашада Қазақстанда өндірілген заманауи Stadler вагондарынан жасақталған №153/154 «Нұрлы жол – Семей» жолаушылар пойызы алғаш рет жолға шықты, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

Пойыз құрамына 13 жаңа вагон енгізілген. Олар жолаушыларға қолайлы жағдай жасауға арналған заманауи жабдықтармен қамтылған.

Атап айтқанда, вагондарда климат-бақылау жүйесі, жеке жарықтандыру шамдары, электр розеткалары, USB және USB-C қуаттау порттары орнатылған. Сондай-ақ қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бейнебақылау жүйесі бар.

Бұдан бөлек, жүріп-тұруы шектеулі жолаушыларға да арнайы жағдай жасалған.

Жаңа пойыз Астана мен Семей қалалары арасында күнара қатынайды.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика